
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг бағдарламасы іске қосылады. Денсаулық сақтау министрлігі оған қатысатын азаматтардың санатын бекітті. Скринингке 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жасқа толған ерлер мен әйелдер жіберіледі.
Олар мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- бронх пен өкпенің қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмауы;
- темекі шегетіндер және темекіні тастағанына 15 жылдан аспаған болуы;
- соңғы 10 жыл ішінде денсаулыққа зиянды өндіріс орындарында жұмыс істеген болуы керек.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


