Қазақстандық ғалымдар ТМД елдері жастарының форумына қатысты

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер жастарының форумы өтті.

Форумға стартап жобалардың мен технологиялық әзірлемелердің авторлары, соның ішінде Қазақстан өкілдері қатысты.

Халықаралық жиын ТМД елдерінің жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және олардың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Іс-шарада ғылыми-технологиялық бастамаларды дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған «Жастар зертханасы» жобасы таныстырылды.

Қазақстандық қатысушылар шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, ғылым, технология және инновация салаларында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтті.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар