
Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты.
Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді.
Дереккөз: 24kz


