Қазақстанда өткен Болашақ ойындарын 200 млн-нан астам адам тамашалады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

«Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен заманауи технологиялық әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік берді.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиев Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, халықаралық додаға әлемнің мықты командалары қатысып, жарысқа жаһандық деңгейде қызығушылық артқан.

Бүкіл жаһан назары Қазақстанда болды. Ойындардың барлығы тікелей эфирде көрсетіліп, 16 тілге аударылды. Осы тұрғыдан алғанда, біз әлемге ұлттық құндылықтарымызды да, заманауи технологиялық дамуымызды да тең дәрежеде көрсете алдық, — деді Мейрамғазы Сапарғалиев.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар