Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елімізде ұшақтарға арналған отын бағасы біртіндеп төмендеп жатыр. Бұл өзгеріс әуе қатынасының құнын азайтуға әсер етуі мүмкін.

Бұрын авиакеросиннің бағасы 1200–1300 доллар аралығында болса, қазір Энергетика министрлігі оны 940 долларға дейін түсірді. Сонымен қатар алдағы кезеңде бағаны тағы шамамен 100 долларға төмендету жоспарланып отыр.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың мәлімдеуінше, отын арзандаса, бұл әуе билеттерінің бағасына және жүк тасымалы тарифтеріне тікелей ықпал етеді. Нәтижесінде ішкі және халықаралық бағыттардағы рейстер қолжетімді бола түсуі мүмкін

Сіз қай бағыттарда жиі ұшасыз?

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар