Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді.

Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда. Өңдеу жұмыстары көлеміне қарай Түркістан облысында (291,2 мың га), Жамбыл облысында (116 мың га), Ақтөбе облысында (35,6 мың га) және Жетісу облысында (17,3 мың га) орындалды.

Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекесімен бірлесіп, зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Дереккөз: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp