
Танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамза ресми түрде іздеуге алынды.
Бұл мәлімет құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында орналастырылған.
Ақпаратқа сәйкес, 1995 жылдың 18 қыркүйегінде дүниеге келген Қамза Қайсар Бақытжанұлына қатысты іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу жұмыстарын ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүзеге асырып жатыр.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша қосымша деректер жарияланған жоқ.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


