
2020–2026 жылдары:
- 31 мың км жол жөнделді және қайта жаңғыртылды
- 12,5 мың км – республикалық
- 18,5 мың км – жергілікті жолдар
Нәтижесінде:
- республикалық жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 89%-дан 93%-ға;
- жергілікті жолдар 71%-дан 91%-ға өсті;
- төрт жолақты жолдар 2,3 мыңнан 4,4 мың км-ге дейін ұзарды.

Кей бағыттарда қозғалыс жылдамдығы 60-тан 140 км/сағ-қа дейін артып, жол жүру уақыты екі есеге қысқарды. 24 туристік нысанға көлік қатынасы қамтамасыз етілді.️ 412 жол бойындағы сервис нысаны салынды.
Ал ақылы жолдардың ұзындығы 700 шақырымнан 6,2 мың шақырымға дейін артты.
Жаңартылған жолдар өңірлердің көлік қолжетімділігін арттырып, туризм мен транзиттік әлеуеттің дамуына жол ашуда.
Дереккөз: 24kz


