Қазақстанда 124 пойыз Starlink интернетімен қамтылады

Фото: ЖИ

Елімізде жолаушылар пойыздарындағы спутниктік интернет желісі кеңейтіледі. Қыркүйек айының соңына дейін Starlink жүйесін 124 пойызға орнату жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде 59 жолаушылар пойызы спутниктік интернетпен қамтылған. Олар 31 бағыт бойынша қатынайды. Жалпы 770-тен астам вагонда Starlink интернеті жұмыс істеп тұр.  

Жоба аясында қыркүйек айының соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыздың 1 235 вагонын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету көзделген.  

Starlink пен OneWeb жүйелерін сынақтан өткізу жұмыстары 2025 жылы басталған. Алғашқы пилоттық жобалар Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғыстау бағыттарында жүзеге асырылды.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар