
Кореяның Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогы аяқталды. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Алтын жүлдені Иван Чернухин мен Владислав Яковлев, сондай-ақ 4 адамдық ерлер құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлдегерлер қатарында Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев, Мария Чернец пен Екатерина Носкова, Артём Матусевич бар. Қола медальді Роза Кеңес иеленді.
Жалпы есепте Қазақстан 4-орын алды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


