Қазақстан тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейтуде

Фото: Primeminister.kz

ауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Газ саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары және Көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игерудің 2035 жылға дейінгі жоспары бекітілді. Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов экономика мен халықтың қажеттілігі үшін шикізат қорын ұлғайту жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Оның айтуынша, жоспар бойынша 30 кен орынын игеру қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда QazaqGaz-пен 9 келісімшарт жасалған: 6 жоба барлау сатысында, 3 жоба өндіру сатысында. Оларды жүзеге асыру мерзімі 2047 жылдан 2069 жылға дейінгі кезеңге есептелген.

«2023-2025 жылдар аралығында «QazaqGaz» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары Анабай, Барханная, Рожковское және Батыс Прорва кен орындарын өнеркәсіп деңгейінде игеруге алды. Сонымен қатар, 2027 жылы Батыс Прорва кен орнының екінші іске қосу кешенін, сондай-ақ Малдыбай, Придорожное және Өріктау кен орындарын пайдалануға беру жоспарлануда»,

— деді министр.

Дереккөз: Primeminister.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар