Қазақстан мен Әзербайжан арасында тағы 2 жаңа әуе бағыты ашылады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, алдағы уақытта Ақтөбе мен Атыраудан Бакуге жаңа тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Биылғы 16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет тұрақты рейстерді орындай бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы апталық рейстер саны 30-дан 33-ке дейін артты, – делінген хабарламада.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар