
Қазақстан мен Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын жалғастыруда.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер өтті.
Е.Көшербаев қытайлық тарапты Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығымен және Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Он бесінші бесжылдық жоспарын табысты іске асырудың басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ әріптесін Қазақстандағы институционалдық реформалардың жаңа кезеңі туралы хабардар етіп, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Конституцияның күшіне енгенін атап өтті.
Жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны ерекше назар аударылды.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі


