Қазақстан мен Польша өзара диалогты дамытуға ұмтылысын растады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Польша Сенатында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Сенат Төрағасының орынбасары Михал Каминьскимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жағдайын талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды.

Қазақстан Елшісі парламентаралық диалогты одан әрі нығайтудың, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.

М. Каминьски қазақ тарапының ұсыныстары мен бастамаларын қолдайтынын білдіріп, Қазақстан мен Польша арасындағы жылы әрі сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар