
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу алғашқы ресми сапарымен Астанаға келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.
Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады, саяси өзара іс-қимылды, халықаралық және өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ «Орталық Азия +» форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Астана мен Токио БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін білдіріп, көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың және халықаралық құқық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.