Қазақстан мен БҰҰ өркениетаралық диалог саласындағы өзара әрекеттестікті күшейтуде

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі – БҰҰ-ның исламофобиямен күрес жөніндегі арнайы өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті.

Тараптар өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі жаһандық күн тәртібін және өзара түсіністікті ілгерілетудегі рөлін талқылады.

А.Рахметуллин Қазақстан көптеген жылдар бойы түрлі діндер мен мәдениеттер өкілдерінің арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігердің бастамашысы және белсенді қатысушысы екеніне тоқталды. Бұл тұрғыда ашық диалог үшін беделді жаһандық тұғырнамаға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі ерекше маңызға ие екені аталып өтті.

Сұхбаттастар халықаралық аренада өзара сыйластық, толеранттылық және ынтымақтастық идеяларын ілгерілетуде тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растады.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар