Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясына қатысуда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, Елші Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-ші сессиясына қатысып жатыр.

Қазақстан жалпы пікірталас аясында Конвенцияның мақсаттарына адалдығын растап, оны іске асырудағы еліміздің елеулі жетістіктерімен бөлісті. Баяндамада ұлттық заңнаманың негізгі шаралары аталып өтілді: қоғамдық орындарда темекі шегуге жалпыұлттық тыйым салу, темекінің зияны туралы ескертулер, акциздердің айтарлықтай өсуі, сондай-ақ 2020 жылы қабылданған құрамында никотин бар барлық жаңа өнімдерді дәстүрлі темекіге теңестірген және темекі мен никотин өнімдерін сату жасын 21-ге дейін арттырған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс.

ҚР делегациясы темекісіз әлем құрудың ортақ мақсатына қол жеткізу үшін ДДСҰ және Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар