Өздеріңізге мәлім, ерте көктемнен бастап алтын күзге дейін диқандар егін егіп, қара суық басталғанша өнімін жинайды. Ал мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар болса қысқа қамданып, мал азығын әзірлеуге кіріседі. Бұл – қазақ халқының қазаны дәнге толып, қолы дәмді асқа жететін берекелі кезең. Сондықтан ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесін атап өту мақсатында бүгін Келес ауданында «Алтын күз-2022» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Асан Қазақбаев