
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылғы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші май ауылында дүниеге келді. Болашақ батыр жастайынан авиацияға қызығып, мектеп қабырғасында аэроклубқа қатысып, алғашқы парашюттік секірулерін жасады.
Орта мектепті тәмамдаған соң Армавир жоғары әскери авиациялық училищесіне оқуға түсіп, әскери ұшқыш мамандығын игерді. Кейін
Қиыр Шығыста әскери авиация бөлімдерінде қызмет атқарып, жоғары кәсіби даярлығының арқасында бірінші дәрежелі әскери ұшқыш атанды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


