№3 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасында күз мерекесіне орай, «Ғажайып алтын күз» атты ертеңгілік болып өтті. Балабақша бүлдіршіндері ертеңгілікке арнап әсем ән және көңілді билерімен өз өнерлерін ортаға салды. Күз мерекесіне сай балабақшаның думан залы да қызғылт-сары жапырақтар, бау-бақша көкөністерімен безендірілген. Сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жасалған күзгі бақ ғажайыптарына арналған қолөнер көрмесі де ұйымдастырылды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас, Ережеп Тұрғынбайұы