
Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жалғастыруда.
2025 жылдың бес айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленіп, олардың қоғамда таралуына жол берілмеді.

95 есірткі зертханасы әшкереленді. 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды. Осылайша азаматтар мен экономикаға 1 млрд 230 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілмеді.
Дереккөз: Polisia.kz