
Эстонияның бұрынғы құқық канцлері Юлле Мадизе ант беріп, ел президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.
Инаугурация рәсімі дүйсенбі күні Рийгикогу мәжіліс залында өтті. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15–те сайланған президент жұбайы Лаури Мадиземен бірге Кадриоргтегі президент кеңсесіне келді. Оларды қызметінен кетіп жатқан мемлекет басшысы Алар Карис пен оның жұбайы Сирье Карис қарсы алды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


