Эльбрус тауында 6 альпинист опат болды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Кабардин-Балқардағы Эльбрус тауында бір күнде 6 альпинист опат болды. Олардың бесеуі – Босния және Герцеговинадан келген.  

Альпинистер 24 шілдеде биікке көтерілген. Келесі күні күн райы нашарлап, бағыттарынан адасқан. Олар суықтан көз жұмған.  

Айта кетейік, былтыр тамыз айында Эверест шыңына шықпақ болған Наталья Наговицынаның мәйіті әлі күнге тауда жатыр. Ресейлік альпинист аяғын сындырып, 7 мың метр биікте қалып қойған еді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар