
Қауіптісі індет көрші-қолаң ғана емес, бүкіл әлемге таралуы ықтимал. Өйткені тоқтайтын түрі көрінбейді.
Эбола індетінің алғашқы белгілері басқа ауруларға ұқсас. Ал қара құрлыққа туристер көп барады. Бұл қауіпті вирустың дүниенің бір бұрышынан екінші бұрышына тез таралу қаупін арттырады, дейді дәрігерлер. Қазір Конгода инфекцияның Бундибуджио деп аталатын штамы өршіп тұр.
Мамандар осы уақытқа дейін қатерлі дертті жұқтырған әр үшінші науқас көз жұмғанын айтады.
Дереккөз: 24kz


