Сарыағаш аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары суға түсу маусымы кезінде тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жыл басынан бері аудан аумағындағы өзендер мен каналдарда суға бату дерегі тіркелмегенімен, бұл қауіп толық сейілді деген сөз емес. Мамандар жаз мезгілінде балалар мен ересектердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлудің маңызын ескертеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін


