Наурыз мейрамы ақ түйенiң қарны жарылған, жер бетiнде жылулық пен жақсылыктың, қайырымдылық пен мейiрiмдiлiктiң, құт-берекенің, тоқшылық пен ырыс-ынтымақтың ұялаған күні. Наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Күн мен түннiң теңелiп, Жер ананың күн шуағына малынып, ақ мол болып, Наурыз көже бұлақтай ағылатын кез. Алда келе жаткан осынау мерекемен көпшілікті Келес аудандық этно-мәдени орталықтардың өкiлдерi де құттықтады.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ерлан Сәрсенбеков