Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Ал балабақшаның міндеті – аз ғана уақыт ішінде бала санасын белгілі бір дәрежеге жеткізіп, өмірге деген көзқарасын оятып, қоршаған ортаны таныту. Өздеріңіз білсеңіздер керек, осындай міндетті абыроймен атқарып, сапалы әрі саналы білім мен тәрбие арқылы бүлдіршіндерді түлетіп үлгерген балабақшалардың бірі – «Шыңғыс-Н» балабақшасы. Ал аталған бөбекжай балабақшасына биыл – 10 жыл толуына орай, сондай-ақ Балалар мерекесі қарсаңында кереметтей іс-шара болып өтті.
Авторлар: Асқар Мәденов, Асан Қазақбаев