Шымкентте қыз алып қашқан жігіттер сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Іс бойынша үш адам сотталды. Олар күйеу бала мен оның екі досы. “Некеге мәжбүрлеу” бабы бойынша кінәлі деп танылған үш жігіт те 3 жылға сотталды.

Алайда бұл үкіммен сотталушылардың жақындары келіспейді. Сөздерінше 17 жастағы қыз алып қашуға өз еркімен келісіп, тіпті күйеу жігітпен 40 күн бір шаңырақта тұрған екен.

Бұған дейін Шымкентте 17 жастағы студент қыз оны біреу күштеп ұрлап, Сарыағаш ауданындағы ауылға апарғанын, онда оны күштеп зорлағанын мәлімдеген еді. Алайда жігіттің туыстары бәрі келісіммен болды деп айтқан.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар