Өздеріңізге мәлім, Түркістан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар шекаралық кеден бекеттерінде қазір модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр. Соның салдарынан, «Қапланбек» өткізу пункті келесі жылдың шілдесіне дейін толық жабылған. Тәулігіне 150 көлік құралдарын өткізуге қауқарлы бекеттің уақытша жұмыс жасамауы кәсіпкерлерге қалай әсер етуде? Ауыр транспорттардың кептелісте тұруының себебі неде? Тілшіміз Нағима Әбдірахым анықтап қайтты.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам, Ережеп Тұрғынбайұлы