Шағын ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Францияда парашютпен секіруге арналған жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бортындағы 11 адамның барлығы көз жұмды.

Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Томблен қаласында болды. Ұшақ ішінде ұшқыштан бөлек бес нұсқаушы мен тағы бес курсант отырған. Моторлы ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай ұшу-қону жолағынан 300 метрдей жерде құлаған. Қазір апатқа не себеп болғаны тергеліп жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар