
Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Хамис-Мушайт, Абха, Наджран және Джазан қалаларына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады.
Салдарынан 73 адам зардап шекті. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Хуситтер әскери әуе базасы мен Saudi Aramco нысандарын көздегенін мәлімдеді.
Шабуылдан кейін бірқатар мұнай нысандарында өрт шықты. Оқиға әлемдік нарыққа да әсер етіп, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 99,46 долларға дейін көтерілді.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылдарға жауап ретінде «барлық қажетті шаралар» қабылданатынын мәлімдеді.
Дереккөз: @baq_kz


