Келес ауданында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі тиімді түсіндіруге бағытталған «Қызмет алушылар күні» атты шара өтті. Бұл Қазақстанның барлық өңірінде бірыңғай форматта ұйымдастырылатын іс-шара. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен кері байланыс орнату және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Игі бастама аясында азаматтарға қызмет алу жолдары жан-жақты түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Айдос Дәулет




