Өткен аптада құлаған көпір салдарынан Келес ауданы Қошқарата ауылдық округіне қарасты екі жүзге тарта тұрғын үй ауыз сусыз қалған еді. Оларға тасымалмен су жеткізу қолға алынған. Десе де бұл жағдай мәселені толықтай шешпейді. Сол себепті қайта жалғау жұмыстары басталып, жүйе қалыпқа келтірілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін




