
Желіде айтыскер Жандарбек Бұлғақов қазақстандық рэпер Еңлік Құрарбектің “Bipl” әнінің сөзін сынға алды. Ақынның сөзінше, ән мәтінінің мүлде мағынасы жоқ.
Көп ұзамай айтыскерге Yenlik-тің өзі жауап берді. Ол ақын қалдырған әннің сөздері қате екенін айтып, дұрыс нұсқасын жазған.
Десе де айтыскер сынға дайын болу керегін айтты. Сондай-ақ тілге жаны ашитынын жеткізді. Десе де Еңлік өзінің шығармашылығымен толық танысқан адам әндердің мағынасын білетінін айтты. Мәтінде шынымен қате барын мойындап, алайда шын жаны ашыса желіде мысқылдамай, жеке айтуы керегін жеткізді.
Әнші мен ақынның пікірталасы желіде қызу талқыға түсті. Қолданушылар Бұлғақовтан мұндай әрекет күтпегенін, керісінше қазақ қыздарын қолдау керегін айтты.
Айта кетейік, Yenlik лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Еңлік Құрарбек халықаралық Colors музыкалық жобасының жаңа шығарылымына қатысқан еді. Бұған дейін бұл жобада Billie Eilish, Drake, Doja Cat, Tyla, Joji, Kali Uchis, Daniel Caesar және өзге де әлемге әйгілі әртістер өнер көрсеткен.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


