Хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

2026 жылдың тоғыз айында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады. Бұдан бөлек, Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 1 031 күдікті ұсталды.

Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарға қатысты да жүргізілуде. Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды. Мысалы, полицейлер Алматы қаласында 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 2023 жылы Бішкек қаласында ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдерді жеткізуді ұйымдастыру сылтауымен жәбірленушінің ақшасын иемденген.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар