
ҚФФ Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіне Джон ван ’т Шкип кандидатурасын ұсынды. Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес КФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді.
Джон ван ’т Шкип бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


