
АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында бизнес-классқа жататын реактивті ұшақ көшеге құлады. Оқиға салдарынан борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі кем дегенде бір тұрғын үй тіркемесін қиратып, соның салдарынан ірі өрт шыққан. Апаттың себептері туралы әзірге толық ақпарат жарияланған жоқ.
Дереккөз: @baq_kz


