
1500 отбасы (5 000 адам) қауіпсіз жерге көшірілді. 52 елді мекен зардап шекті. Жанартаудан лава, күл, тас пен газ 4 шақырымға дейін тараған. Кей өңірлерде қалың күл жауған.
Тұрғындарға есік-терезені жауып, сыртта бетперде тағу ұсынылды.
Майон жанартауының биіктігі шамамен 4200 метр. Соңғы 400 жылда ол 50-ден астам рет атқылаған. Ең ірі апат 1814 жылы болып, 1200 адам қаза тапқан.
Дереккөз: t.me/stankznews


