Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Олар Павлодар облысындағы Байдалы уылы маңына тұрақтаған. Бұл «Қазавиақұтқару» әуе компаниясына тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы.

Тікұшақ ішінде 13 адам болған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар 76 жастағы ер адамды іздеуге шыққан екен. Ол балық аулауға бара жатып мотоциклмен аударылған. Салдарынан аяғын жарақаттап алған. Сосын құтқарушылардан көмек сұраған. Оны төтеншеліктер бір тәулік іздеп, ақыры тапқан. Қария дәрігерлерге тапсырылды. Қазір жағдайы жақсы.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар