Түркістанда әкесін азаптаған ер адам 5 жылға сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға былтыр қыркүйек айында Түркістан облысы Шардара қаласында болған еді. Ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, ұрып-соққаны түсірілген видео желіде тараған. Кейін полиция ер адамды қамауға алды. Оған екі бап (Адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау, Денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша айып тағылған.

Жақында прокурор оны 6 жылға соттауды сұрады. Сотталушының өзі де әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар