ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

20-30 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты аяқталды. Елдің 20 аймағынан келген 1050-ге жуық жас шахматшы қатысқан басты дода ұлттық іріктеу жүйесінің шешуші кезеңі саналады. Дәл осы турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Гулмира Даулетова, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев марапаттап, құрмет көрсетті.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған жас спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Командалық есепте Түркістан облысының құрамасы жалпы есепте үшінші орынды иеленді.Түркістандық жас шахматшылардың бұл жетістігі – өңірде балалар мен жасөспірімдер спортының жүйелі дамып келе жатқанының айқын көрінісі.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp