
Бүгін таңертең Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу көршілес төрт өңірде де сезілді, бірақ зардап шеккендер жоқ, ғимараттар қирамаған. Түркияның апат салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметіне сүйенсек, әзірге дүмпудің салдары байқалмайды.
— Адана провинциясының Саимбейли ауданында таңғы сағат 4:02–де болған және Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында сезілген 5 балдық жер сілкінісінен кейін қазіргі уақытта ешқандай жағымсыз әсер тіркелген жоқ. Ауданды зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген AFAD түрік газетінде жарияланған мәлімдемеде.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


