
Ақтөбеде оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.
«Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты. (…) Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды. Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.