
Дональд Трамп әкімшілігі 80-нен астам елге, соның ішінде Қазақстанға да әсер ететін жаңа импорттық баж салығын енгізгенін жариялады. Жаңа тарифтер 24 шілдеде бұрынғы 10%-дық баж салығының мерзімі аяқталғаннан кейін бірден күшіне енеді.
АҚШ-тың Сауда өкілі Джеймисон Грир мәлімдеуінше, жаңа баж мөлшері 10%-дан 12,5%-ға дейін болады. Тізімге сондай-ақ Ұлыбритания, Мексика, Канада, Австралия, Үндістан, Қытай және Еуропалық одақтың 27 елі кірген.
Ақ үй тарифтерді енгізудің құқықтық негізі ретінде 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімін таңдаған. Бұл бөлім «мәжбүрлі еңбек қолданатын» елдерге қарсы шараларды реттейді.
Петерсон институты халықаралық экономика бойынша заңгерлері егер сауда серіктестері сотқа жүгінсе, жаңа баждар сотта күшін жоюы мүмкін деп санайды.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


