Келес ауданының Бірлесу ауылдық округіндегі 5 көше асфальттанып, 1 көшеге шағал төселеді. Сонымен қатар, елді мекен көшелерінің бойына суағарлар қойылып, жаяу жүргіншілер жолы да салынады. Одан бөлек, Жүзімдік ауылдық округіндегі 3 канал механикалық тазалаудан өтеді. Осы және өзге де атқарылатын щаруалар Келес ауданы әкімінің есебінде айтылды. Алайда халықтың айтары одан да көп.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Асан Қазақбаев, Ерлан Сәрсенбеков