
Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкені және әйелі күйеуін өлтіргені анықталды.
Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Қазір ол Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу прокуратура келісімімен жүріп жатыр.


