«Тек мемлекеттік немесе жеке меншік емес»: Конституцияға жаңа меншік түрлерін енгізу ұсынылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Депутат Азат Перуашев жаңа Конституцияда меншік нысандарының неғұрлым кең анықтамасын бекітуді ұсынды.

Азат Перуашевтің айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі ғана: мемлекеттік және жеке меншік көрсетілген.

Ал заманауи экономистер кемінде 5–6 түрлі меншік нысанын бөліп көрсетеді.

“Финляндияда, Литвада, Латвияда, Әзербайжанда және басқа да елдерде мемлекеттік және жеке меншіктен бөлек, конституцияларда муниципалды меншік нысаны да қарастырылған. Ал Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында оларға ұжымдық немесе кооперативтік меншік түрі қосылған. Кейбір елдерде көпшілікке ашық қор нарығында бар компаниялардың меншігі – жария меншік ретінде атап өтіледі. Ал бірқатар басқа мемлекеттерде экономикалық әртүрлілікті ынталандыру мақсатында Конституцияда меншік нысандарының тізбесі мүлде шектелмеген”, – деді депутат.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp