Тағы да әскеридің өлімі ашылмай қалды…

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

«Аягөзде оқ атылып ажал құшқан офицер Бақытжан Әріпжанның жақындары әділдік іздейді. Үш жыл бұрын әскери бөлімде мәйіті табылған марқұмға эксгумация жасалған», – деп хабарлайды stan.kz.

Сарапшылар ер адам өз-өзіне қол салмады деген тұжырымға келіпті. Сонда да тергеу тоқтатылып, іс жылы жабылған.

Ер адам әскерде 15 жыл қызмет еткен екен.

“Атылған оғы мен гильзасын, киімдерін жоқ қылып жіберген. Бас киім, үстіндегі киім бәрі жоқ. Тапаншаны атпау құралы төмен түсіріліп тұру керек еді. Бұл жоғары қарап қалған. Өзін өзі атып сосын жоғары қойды ма? Тапаншаны телефонның үстіне қояды. Ол да сұрақ. Кім қойды оны? Өзі қойды ма? Өзі қоюы мүмкін емес. Оқ оң жағынан атылан. Сол жағында үстелдің үстінде қан қалу керек. Неге десең оқ өзімен бірге қанды ала шығады. Бұл жерде оң жағынан ақты дейді”, – деді марқұмның әкесі Құлыбек Әріпжан.

Дереккөз: stan.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp