
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді.
Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістік.
Ол Индиан-Уэллс турнирінен кейін ұпайын 7523-ке жеткізіп, өз нәтижесін жақсартып отыр.
Осылайша Рыбакина рейтингте бұрын екінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтекті үшінші орынға ығыстырды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


