Танымал суретшілердің бірнеше миллион еуро тұратын құнды картиналары ұрланды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бұл картиналар Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Маньяни-Рокка қорынан ұрланған.

Тонау әрекеті 22-сінен 23 наурызға қараған түні болған. Ұрланған туындылар қатарында Пьер Огюст Ренуардың «Балықтар», Поль Сезаннның «Шиелер салынған натюрморт» және Анри Матисстің «Террасадағы одалиска» атты еңбектері бар.

Полиция мәліметінше, қылмысты төрт адам жасаған. Олар кіреберіс есікті бұзып, 1-қабаттағы залдардың біріне кіріп, музей бақшасы арқылы қашқан. Олардың операциясы үш минутқа жетпейтін уақыт ішінде жүзеге асқан. Олар дабыл жүйесі іске қосылған соң ұрламақ болған төртінші картинаны музей ішінде қалдырып кеткен.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp